- TikTok, Instagram, Facebook, Telegram, «OLX.KZ», «Market.KZ», «Kolesa.KZ», «Krisha.KZ» желілерінде түрлі күмәнді сатылымдар бойынша ақша аударып, сауда жасамаңыз. Тегін ірімшік тек қақпанда ғана болады.
- Сілтемеге өтуді меңзейтін хабарламалардан сақ болыңыз. Күмәнді хабарламалардағы сілтемені баспаңыз.
- Әлеуметтік желіңізге немесе электронды поштаңызға келген күдікті хабарламаны дереу толығымен өшіріп тастаңыз. «Акция!», «Сіз жеңімпаз болдыңыз!», «Сіз смартфон ұттыңыз!», «Сіз автомобиль ұттыңыз!», «Сізге пошталық сәлемдеме келді!» деген хабарламалар – алаяқтардың әрекеті!
- Егер сіз абайсызда күмәнді хабарламадағы сілтемені басып қойған болсаңыз, антивирустық бағдарламаны қосып, жүйені толық тексеріп шығыңыз. Сізге келген хабарламаның заңдылығын тексеру үшін компаниямен тікелей байланысыңыз немесе олардың веб-мекен-жайын енгізу арқылы веб-бетіне кіріп тексеріңіз. Алайда хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы веб-бетке өтпеңіз.
- Хабарласқан бөгде адамдарға жеке немесе қаржылық деректеріңізді ешқашан айтпаңыз. Хабарламадағы кодты ешкімге бермеңіз. Жеке куәлігіңіз бен банкоматтық карточкаларыңыздың фотосуреттерін, ЖСН және банктердегі есепшот нөмірлеріңізді ешкімге жолдамаңыз.
- WhatsApp мессенджерінде байланысқа шыққан бейтаныс номердің хабарламасын ашпаңыз, ол хабарламаны басқа таныстарыңызға жолдамаңыз.
- Күдікті сайттардағы, WhatsApp мессенджеріндегі «оңай ақша көбейтетін» топтарға кірмеңіз.
Интернет-алаяқтықтың алдын алатын 7 қағида
Prev Post
Next Post