Жұма күні ауданымызға Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Д.Мамыров келіп, ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың жұмысымен танысты.
Ең бірінші аудан әкімінің орынбасары Ж.Бақаевпен бірге «Бай-Нұр» шаруа қожалығын барып көрді. Шаруа қожалығының басшысы С.Жетібаев сүт-тауарлы ферманың жобасы жайында баяндады. Өз кезегінде Д.Мамыров мемлекет тарапынан берілетін инвестициялық субсидиялар жайында айтып берді.
Келесі кезекте «KORCEM» цемент зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Инвесторлар тарапынан көтерілген мәселелерді тыңдап, шешу жолдарын қарастыратынын айтты. Сонымен қатар, форель балығын өсірумен айналысатын «Korday FISH» ЖШС-нің жұмысымен танысты.