Кəсіпкерлермен кездесу

0

Еңбек күніне орай «Еңбек түбі — береке» тақырыбында аудан кәсіпкерлерімен студенттердің кездесуі өтті.

Бетқайнар колледжінде Еңбек күніне орай «Еңбек түбі — береке» тақырыбында аудан кәсіпкерлерімен студенттердің кездесуі ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – болашақ мамандарды еңбекке баулу, кәсіпкерлік саласында тәжірибелік білім беру, және оларға кәсіби даму жолдарын көрсету болды.

Кездесуге ауданның табысты кәсіпкерлері шақырылып , олар студенттерге өздерінің кәсіби жолын, бизнес бастау және дамытудағы тәжірибелерін бөлісті. Кәсіпкерлер әртүрлі салаларда жетістікке жету
жолында кездескен қиындықтар мен оларды жеңу тәсілдерін , еңбекқорлықтың маңыздылығын түсіндіріп , табысқа жетудің нақты мысалдарын келтірді .

Leave A Reply

Your email address will not be published.