Қазселденқорғау мемлекеттік мекемесінің құлақтандыру-ұсыныс хатына сәйкес облыс аумағында 21-24 маусым аралығында ауа райының қатты ыстық болуына байланысты төтенше (5 класс) өрт қауіптілігінің сақталуына байланысты Өрт қауіпті кезеңде өрттерге және басқа да қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында Төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден ауылдық елді мекендерде және саяжайлық ауылдарда, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, көмір жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге және қоқыс қалдықтарын жағуға жол бермеңізді сұрайды.
Өрт қауіпті маусымында өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын сақтамаған тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 және 410 бабтарына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.