Еліміздің даму стратегиясында саламатты өмір салты, дене шынықтыру мен спортты дамыту – маңызды міндеттердің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін, ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән берілуде.
Бүгінде ауданымызда спорт алаңдарының саны көбейіп, дене шынықтырумен шұғылданушылардың саны да артып келеді. Мұның бәрі халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру мен салауатты өмір салтын насихаттау үшін жасалып жатыр.
Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбековтың бастамасымен, Масаншы ауылдық округіне қарасты Күнбатыс-2 ауылында балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы салынуда.
Аталған алаңдардың құрылысын «Байгелді» және «KZVEL» жеке кәсіпкерлігі жүргізіп жатыр.
Басты мақсат – ауыл балаларының бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету, салауатты өмір салтын ұстануға жәрдемдесу. Спорт пен дене шынықтыруға деген қызығушылықты арттыра отырып, жастарымыздың денсаулығын нығайтуға үлес қосу.