КҮЗГІ АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

0

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының  Қордай  ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қордай ауданының тұрғындарына ескертеді: 2023 жылы 2 қыркүйектен бастап Жамбыл облысы аумағында бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жабайы аң-құстарға  аңшылық жасауға рұқсат беріледі. Аңшылық  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидасының 11 қосымшасына сәйкес аң аулауды өткізу мерзімдерімен жүргізіледі. Аңшылық алқаптардан тыс жерлерде аңшылық жасауға қатаң тыйым салынады.

И.Ибраимов, аңшылықтанушы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.