Күзгі шақыру науқаны жүруде 

0

ҚР Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес күзгі шақыру қыркүйекте басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.  

Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.

Күзгі шақыру барысында Қарулы күштердің, Ұлттық ұланның, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ  және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталатын болады. Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруды есепке алу жұмысын цифрландыру жұмыстарын дәйекті түрде жүргізіп келеді. Әскерге борышын өтеуге шақырылған әскери қызметшілер туралы мәлімет алмасу, сондай-ақ оларды запасқа шығару автоматтандырылған. Әскери қызметке шақыру келгеннен кейін еш себепсіз белгіленген уақытта келмеу жалтару болып саналады. Бұл қылмыс азаматтарды әскери қызметке шақырудың белгіленген тәртібін бұзуынан, нәтижесінде мемлекеттің қорғаныс қабілетіне зиян келтіруінен тұрады. Әскери есепке қою жөніндегі міндетті орындамаған және әскери қызметтен жалтарған жағдайда мұндай құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 387-бабына сәйкес, «әскери қызметтен жалтару» бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.