КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

0

Қордай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.

Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, Қордай аудандық прокуратураның аға прокуроры Сансызбай Сапарбекұлы қатысты.

Жиында баланың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мәселелері қаралды.

Отырыста Қордай ауданында аталған бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және 2023-2025 жылдарға арналған жол картасының орындалуы туралы Қордай аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары О.Мамыт, Қордай ауданы білім бөлімінің басшысы А.Әшірбеков және аудандық орталық ауруханасының психологі Ж.Оспанқұлова баяндама жасады. Баяндамашылар қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың психологиялық жағдайын тұрақтандыру және әлеуметтік қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жиын барысында барлық ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларына кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқын анықтау, олардың қамқорлықсыз қалуын болдырмау және оларға қатысты қылмыстардың алдын алу мақсатында ақпарат алмасу мен профилактикалық жұмыстарды үйлестірудің бірлескен алгоритмі аясында жұмыс жүргізу тапсырылды. Бұл алгоритм құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері және денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді көздейді.

Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша тиісті мекемелер мен ұйымдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.