12 мамыр күні аудандағы барлық мектеп директорларының қатысуымен №7 Бетқайнар колледжінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі кеңейтілген отырысы өтті.
Жамбыл облысында бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған жол картасының орындалуы туралы Бетқайнар ауылдық округінің әкімі Б.Құттықов баяндама жасады. Сонымен қатар, №7 Бетқайнар колледжінде жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы №7 Бетқайнар колледжінің директоры Г.Әлімбаева есеп берсе, Бетқайнар ауылдық округінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімшесінің инспекторы Е.Абдимов баяндама жасады. Ол жасөспірімдердің кешкі және түнгі беймезгіл жүрістерін болдырмау, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткіштерін азайту, профилактикалық шараларды күшейту мәселелері туралы өз баяндамасында кеңінен тоқталып өтті.
Жиын соңында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, олардың құқықтарының қорғалуы ұдайы назарда болуы қажеттігі айтылып, жауапты мекемелерге анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныс-пікірлер жеткізілді.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Prev Post
Next Post