КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0

5 маусым күні Қазақстанда ҚР Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өткені белгілі. Бұл тарихи маңызы зор оқиға. Әр референдум – мемлекетіміз үшін өте ерекше тарихи сәт. Сол тарихи сәттің ойдағыдай өтуіне атсалысқан жандар жақында марапатқа ие болды.

«Ата Заңды жетілдіру қоғамдық диалог жағдайында өтті. Еліміздің әр азаматы оған белсене қатысты. Бүгін осы жиынға ел үшін маңызды оқиғаны лайықты деңгейде ұйымдастыруға күш салған азаматтар қатысуда. Референдум сіздердің арқаларыңызда кәсіби тұрғыда ұйымдастырылып, өткізілді», — деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай.
Осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына Қордай аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі А.Қарымсақов, «Соседушки» славян этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Л.Харченко ие болды.
Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен Бетқайнар ауылдық округінің әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкері Д.Орынбаева, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің архивариусы Г.Отаршиева, «Нөсер» шаруа қожалығының қызметкері Б.Койчубаев, «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы А.Сейдаходжаева марапатталды.
Жамбыл облысы сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың Алғыс хаттарымен келесі учаскелік комиссияларының мүшелері марапатталды: Э.Джунусова, Н.Сванкулова, А.Хуров, О.Уджур, Р.Беликова, М.Саров, Э.Суларов, Р.Кимуров, Р.Фушанло, Г.Серікбаева, Ж.Садабаева, Ж.Ботабасова, А.Керімбаев, Ф.Жаңбырбаева, М.Шарипова, Э.Абралиева, А.Тоқбаева, Б.Намазбаева, Л.Қарабаева, Ф.Аллавердиев, Ж.Бөрібаева, Г.Сансызбаева, А.Бейсебекова, Б.Қоштаева, Н.Таңғатов, Н.Құсайын, О.Оводова, М.Тамабаев, Б.Ажибекова, А.Агулова, А.Тлеуқабылова, Д.Блялов, С.Айдаров, И.Люшир.

Leave A Reply

Your email address will not be published.