КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА

0

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шаралар туралы

Аудан тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында және Қазақстан Республикасы бойынша тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қордай ауданы әкімдігінде 4 мониторингтік топ құрылды. Мониторингтік топтардың мақсаты заңды және жеке тұлғалардың коронавирустық инфекцияның таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, шектеу іс-шараларын сақтауы бойынша мониторинг (рейдтік іс-шаралар) жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритмі бекітілді. Хаттамаға сәйкес, мониторинг топтары рейд барысында келесі бұзушылықтар бойынша мониторингті жүзеге асырады:

объектінің қызметін шектеуге қойылатын талаптарды сақтамау (жұмыс режимі);

отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды (бұл іс-шараларға тыйым салынады) өткізуді шектеуге қойылатын талаптарды сақтамау;

әлеуметтік қашықтықты сақтамау (әлеуметтік қашықтық кемінде 2 метр);

маскалық режимді сақтамауға (кәсіпкерлік объектісінің аумағына маскасыз кіруге және онда болуға жол берілмейді);

келушілер санының лимитінен асып кетуі.

Жеке және заңды тұлғалардың шектеу іс-шараларын, карантин режимін және эпидемияға қарсы шаралар бөлігінде заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде мониторингтік топтар әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректерді (фото-бейнематериалдар) кейіннен СЭС органдарына жіберу үшін жинау бойынша шаралар қабылдайды.

Кәсіпкерлік объектілерінің шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі қызметі ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 27.02.2021 жылғы №9 Қаулысымен реттеледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.