Кәсіпкерлерге қолдау

0

Ісін жаңа бастаған, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан шағын бизнес иелері төмен пайызбен несие алып, кәсібін өрге сүйреу мүмкіндігіне ие болуда. Бұл жұмыста кәсіпкерлерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалы айтарлықтай көмектесіп жүр. Несие ұйымы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қаржылай қолдау көрсетуде.
Аталмыш бағдарлама аясында жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер өз бизнесін дамытуға, атап айтқанда айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейінгі мерзімге 6 пайызбен 6 млн. теңгеге дейін несие алу мүмкіндігіне ие болса, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне қолдау ретінде 4%-пен жеңілдетілген несие беріледі. Осы қолдаудың шапағатын ауданда бірқатар азаматтар сезініп, ісін дамытып келеді.
Мысалы, жас кәсіпкер Салтанат Бесімбай биыл жеңілдетілген несие алып, өз бизнесін кеңейтті. Жас кәсіпкер балалар мен қыз келіншектерге арналған киім сатады. Бүгінгі таңда Салтанаттың бизнесі сапалы сервис және тауарлардың кең ассортиментінің арқасында табысты болып, дамып келеді.
Осындай нәтижеге қол жеткіземін дегендерге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жамбыл филиалының есігі әрқашан ашық. Өз бизнесіңізді ашамын немесе кеңейтемін десеңіздер, несие ұйымына қайырылуға болады. Несиелеу шарттары, құжаттардың тізімі және өзге де мәліметтер www.fagri.kz сайтында көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.