Кәсіпкерлік саласына мониторинг

0

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелері жоспарлы жұмыс іссапарымен Қордай ауданына келді.

Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі Қордай ауданы бойынша кәсіпкерлік саласына қоғамдық мониторинг жүзеге асырылуына байланысты аталған салаға қатысты сұрақтар бойынша азаматтармен жеке қабылдау өткізді.

Алдымен кеңес мүшелері аудан әкімдігінің ғимаратында жиын өткізді. Жиынға Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің Төралқа мүшесі Арқабек Төлебаев, облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сейдахмет Сейітбеков, облыстық Қоғамдық кеңесі комитетінің мүшесі Есен Рымқұлов, аудандық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұржан Молдабеков, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алмас Алимходжаев және аудан кәсіпкерлері қатысты.

Шара аясында, кәсібін дамытуды көздеген азаматтар қабылдауға келіп, олардың түрлі мәселелері тыңдалды. Аудан кәсіпкерлерін қабылдаудағы негізгі мақсат – олардың қызметіндегі кедергілерді азайту. Жалпы, жеке кәсібін ашып, өз ісін кеңейтемін деген азаматтарға қашан да қолдау мен көмек керек. Себебі, заңнамалардағы өзгерістер, нормативтік құжаттардағы толықтырулар секілді үдерістерді әрдайым назарда ұстау қиынға соғатыны белгілі.

«Қордай ауданының экономикалық әлеуеті зор. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдап, оларға нақты көмек көрсету. Бұл сапардың нәтижелері облыстың тұрақты дамуына ықпал етеді», — деп атап өтті Арқабек Төлебаев.

Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Нұржан Молдабеков осындай іс-шаралардың жалғасы болатынын және ауданның дамуына үлес қосатынын баса айтты.

Бүгінгі қабылдауға келген кәсіпкер азаматтар кәсібін кеңейтуді мақсат еткендер қосымша қолдау, әкімшілік кедергілерді жою бойынша сауалдарына жауап алды.

Әрмен қарай, облыстық Қоғамдық кеңес делегациясы аудандағы кәсіпкерлік қызметтің нақты жағдайын бағалау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.