«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша субсидия бөлуге байланысты өзгерістер мақұлданды. Осылайша, салалық шектеулер алынып тасталды (сауда жобаларын және айналым қаражатын толықтыруды қоспағанда), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілері — құмар ойындары, лотореялар, есірткі бизнесіне байланысты іс-шаралар) құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорлар, күзет қызметі және т.б. қоспағанда).
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша кепілдік берудің заңнамасы өзгерді. Енді кәсіпкерлікке бет бұрған азаматтар бағдарламаның 1-бағыты бойынша 180 миллион теңгеге дейін несие, 2-ші бағыт бойынша 360 миллион теңгеге дейінгі несиені кепілдендіріп ала алады. Бұл ретте несие сомасының 85% кепілдендіріледі.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына да өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес бағдарламаны қаржыландырудың жалпы көлемі 10 жылға дейінгі мерзіммен 1 трлн. теңгеге дейін өсті. Бағдарламаға жататын тауарлардың тізімі кеңейтілді. Екінші деңгейлі банктермен (ЕДБ) бірге агроөнеркәсіптік кешенде (АӨК) өндіріс және қайта өңдеу бойынша басым жобаларды қаржыландыру операторы Аграрлық несие корпорациясы болып бекітілді. Осы бағдарламаларда қабылданған өзгертулер көп кәсіпкерлерге көмектесуге, бизнес жағдайларын жақсартуға және Қазақстан экономикасы үшін қажет жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында несие алуға ниет білдірген кәсіпкерлерлерге «Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» КММ-не қайырылуына болады. Бөлім толық сүйемелдеу жүргізеді.
Орналасқан жері: Қордай ауылы, Өтеген көшесі, № 121 Б, 2 қабат.
Пошталық мекенжайы: opp_kordai@mail.ru
Байланыс телефоны: 8/72636/4-92-87.