КӘСІПТЕН НӘСІП КЕЛУ ҮШІН

0

Тұрғындарды жұмыспен қамту қашанда күн тәртібінен түспейтін сұрақ. Ауданда жыл басынан бері түрлі жәрмеңкелер өткізіліп, «екі қолға бір күрек іздеген» жандарға қолдау көрсету мақсатында ауқымды жобалар жасалып, жұмыс берушілермен де тиімді істер атқарылуда.

 

Қазіргі таңда Қордай ауданының 2023 жылға даму жоспарының жобалары бойынша 19 ауылдық округте 16 млрд. теңгені құрайтын 93 жоба іске асуда.  Оның нәтижесінде 343 тұрақты және 67 уақытша жұмыс орнын құру көзделген болатын. Мысалы, агроөнеркәсіп кешені саласында есепті кезеңге 2,3 млрд. теңгені құрайтын 32 жоба іске қосылып, 50 жұмыс орны ашылған. Өнеркәсіп саласында 1,1 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, 77 жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, 11,1 млрд. теңгеге 22 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның нәтижесінде 175 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Оның 67-і уақытша, 106 тұрақты болмақ. Қазір 2 жобаның құрылысы аяқталып, 23 тұрақты жұмыс орындары ашылған. Бұл жобалар әсіресе ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға сеп болып жатқанын ерекше атап өтуге болады.

Ауданда шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 477 бірлік. Сондай-ақ,  кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған адам саны 15 081 адам.

Осы орайда жұмыспен қамтуға тікелей септігін тигізетін бағдарламалар туралы да айта кетсек. Өз кәсібін ашып, тұрмысын тіктеймін деген жандарға жалпы сомасы  3,8 млрд. теңгеге несие беріліп, 24 жаңа жұмыс орындары ашылған. 349,3 млн. теңгені құрайтын 30 жоба қолдау тапқан. Яғни, өз жеке ісімді бастаймын деген қордайлықтарға үлкен қолдау жасалды. Ал, жалпы  Қордай ауданы бойынша экономикалық белсенді 73 923 халықтың 70 588-і жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі – 4,5% болып отыр.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру мақсатында 2023 жылы 100 азаматқа 138 млн теңге қаражат қаралып, бүгінде 67 млн 620 мың теңге мемлекеттік грант берілді. Ауданымызда кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша мемлекеттік және жеке меншік сектордың қолдау аясында  1514 жұмыс орындары құрылып,  кәсіпкерлердің саны 312-ге артқан.

Осылардың ішінде ауданда жастар саясатын дамытуға да аса мән беріліп келеді.  Жалпы аудан бойынша 14-35 жас аралығында 48 500 жас бар. Бұл аудан халқының 33% құрап отыр. 2023 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша 1641 жас азамат әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылса, 815  жас  ваканттық бос жұмыс орындарына  жолданыпты. Қыркүйек айынан бастап 50 жас қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылса,  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 277 жас оқуын аяқтап, сертификат алған. Сонымен қатар 18 азаматқа жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант берілген.

Дайындаған Жандос Омаров

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.