Ардақты аналар, құрметті әпке-қарындастар!
Барлық аналарға, әпке-қарындастарға ілтипатымды білдіріп, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақстанның гүлденіп-көркеюі, дәулетті де сәулетті мемлекетке айналуы отбасындағы тату тірлікке байланысты, ал үй ішіндегі береке ананың қолында. Содан болса керек, әйел — ошағымыздың ұйытқысы, Отанымыздың-сақтаушысы, береке-бірлігіміздің алтын діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің мәйегі ретінде бағаланады.
Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына араласып жүрген әйел заты, ауданның білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, кәсіпкерлік пен өндіріс саласында да еңбек етіп келеді. Ел алдында — түрлі саланың қызметкерлері болғанымен, отбасында — аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйытқысы болып отырған баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.
Көңілдеріңіз шат, мерейлеріңіз үстем болсын!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Құрметпен, Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин САДЫҚОВ