Қордай ауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде Қордай ауданы әкімі Бегзат Болатбековтың тапсырмасына сәйкес,аудан орталығындағы бірқатар демалыс нысандарына көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары басталды. Бұл шаралар ауданның эстетикалық бейнесін жақсартуға, сондай-ақ тұрғындардың демалыс аймақтарын ыңғайлы етуге бағытталған. Абаттандыру жұмыстарының ауқымына келер болсақ, «Елім-ай» көшесіндегі аллеяға 4500 шаршы метр аумаққа көгал шөптерін төсеу жұмыстары, ал «Емен» саябағында 500 шаршы метрді қамтитын жасыл аймақты жаңарту және көгалдандыру басталды. Жұмыстарды аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорны атқарып, жобаға 20 қоғамдық жұмыскер тартылған. Бұл шаралар тұрғындардың қолайлы ортада дем алуына және ауданның экологиялық тазалығын сақтауға ықпал етеді. Бұл орайда, Қордай ауданы әкімдігі абаттандыру жұмыстарын үнемі қадағалап, жергілікті тұрғындардың пікіріне ескере отырып,аумақтардың тартымдылығын арттыруды жос-парлап отыр. Жасыл кеңістіктерді дамыту – бұл тек аудан сұлулығы ғана емес, сонымен қатар экологиялық тұрақтылық пен тұрғындардың денсаулығы үшін жасалған маңызды қадам.