Көгілдір отын игілігі Еңбек ауылына жетті

0

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы тапсырмасының аясында ауданымызда ауқымды жұмыстардың атқарылғаны белгілі. Нәтижесінде, соңғы үш жылда аудандағы елді мекендерді көгілдір отынмен қамтылу көрсеткіші 47-ден 95 пайызға дейін артты.

Президеттің игі бастамасының шапағатын шалғайдағы елді мекен тұрғындары да сезінуде.

Ауданның шалғай ауылдарының бірі Еңбек ауылына табиғаи газ жетіп, қолданысқа берілді.

Көпкен күткен бұл игілікті істің ашылу салтанатына округ тұрғындары жиналды. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай іс-шараға қатысып, аудан әкімі атынан және өзінің атынан құттықтауын айтып, ізгі тілектерін де жеткізді.

Ауыл ақсақалдары барша азаматтарға, Ел Президенті, облыс және аудан басшылығына алғысын айтты.

Өздеріңізге белгілі табиғи газ бүгінгі таңда ең таза органикалық отын болып табылады. Сондықтан ауданның елді мекендерін газдандыру экологиялық жағдайды едәуір жақсартуға, зиянды қалдықтар көлемін айтарлықтай азайтуға ықпал етері сөзсіз. Оның үстіне «көгілдір отынның» арқасында тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жеңілдеп, қыс маусымында отынға кететін шығын да азаятыны анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.