Ауқатты ауылы ауданды газдандыру бағдарламасына енгізілген мекен. Жақында мұнда шамамен 150 үй табиғи газға қосылды. Газдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, ауыл тұрғындарының өмірін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді ауыл тұрғындары көмір алу, от жағу сынды мәселелерге алаңдамайтын болды. Көгілдір отынға жеке тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік нысандар, мемлекеттік мекемелер, мектептер, балабақшалар мен амбулатория қосылады. Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Қордай ауданында газ құбырларын жүргізу жұмыстары қарқын алған. Бұл жұмыстар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауында болды. Аталған жобаның арқасында табиғи газбен мыңдаған тұрғын, жүздеген әлеуметтік және кәсіпкерлік нысан қамтылмақ.