Көкадыр ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Көкадыр ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында тұрғындарға конституциялық жаңартулардың негізгі бағыттары, олардың ел дамуына және азаматтардың құқықтарын қорғауға қосатын үлесі жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Алға ауылдық округінің әкімі Б.Әбілдаев өз сөзінде бұл өзгерістердің маңыздылығына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, Конституция – елдің басты құқықтық құжаты ретінде мемлекет пен қоғамның дамуына берік негіз қалайды. Сондықтан енгізілетін әрбір толықтыру мен өзгеріс халықтың мүддесін қорғауға және әділетті қоғам құруға бағытталған.

Сондай-ақ, округ әкімі тұрғындарды конституциялық реформаларға бейжай қарамай, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл жаңартулар Қазақстан мемлекетінің одан әрі дамуына, демократиялық қағидаттардың нығаюына және азаматтардың әл-ауқатының артуына ықпал ететіні атап өтілді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.