КӨКПАР – ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ

0

Наурыз мерекесі қарсаңында басталған Ноғайбай би атшабарындағы көкпар жарыс өз мәресіне жетті.
Аталған шараға Қаракемер, Өтеген, Қарасу, Шарбақты, Ноғайбай, Степной және Жаңатұрмыс ауылдарының атбегілері мен көкпаршылары қатысты.
«Ұл өспейді құр мақтап ерсің десе, ұлт өспейді дәстүрін менсінбесе, нағыз қазақ екем деп айтпа, жігіт, тақымыңа тұлпардан тер сіңбесе», – демекші мереке күні соңына жеткен көкпар өз мықтыларын анықтады.
Жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастыра отырып, ақтық мәреде Қордай құрама командасы мен Қарасу — Өтеген құрама командасы кездесіп, бірінші орынды Қордай жеңіп, екінші орынды Қарасу — Өтеген иеленді. Үштікті Степной және Жаңатұрмыс командалары еншіледі.
Мерекеге орай Ноғайбай би атшабарында бәйге де ұйымдастырылып, тай, құнан және аламаннан жарыс өтті. Жүлделі 7 орынға демеушілер тарапынан ақшалай жүлделер табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.