КӨКТӨБЕ МЕН СҰЛУТӨРДЕ ИГІ ІСТЕР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

0

Ауданға қарасты шалғай елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға және қолайлы өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.

Атап айтқанда, Көктөбе ауылында футбол алаңшасы салынды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нысан жақын күндері жергілікті тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілмек. Бұл – ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен шұғылдануына жасалған үлкен мүмкіндік.

Сонымен қатар, Сұлутөр ауылында елді мекенді абаттандыру және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытында нақты шаралар қолға алынды. Ауылдың негізгі көшелерінің бірі – Жамбыл көшесіне көше жарықтандыру жүйесі орнатылып, тиісті жұмыстар толығымен аяқталды. Бұл шаралар тұрғындардың кешкі уақытта еркін әрі қауіпсіз қозғалуына оң әсер ететіні сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.