Көкжөтел – ауыз қуысында, мұрында және көмейде өмір сүретін Bordetella pertussis бактериясы тудыратын тыныс алу жолдарының өте жұқпалы ауруы.
Инфекция көзі тек адам (көкжөтелдің типті немесе атипті түрлерімен ауыратын немесе сау бактерия тасымалдаушылар).
Инфекцияның берілу жолы ауа тамшы арқылы. Қоздырғыш түшкіру және жөтел кезінде қарқынды бөлінеді.
Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі екі күннен екі аптаға дейін, ең көбі үш аптаға созылады. Науқастар 1 ден 25-ші күнге дейін ерекше қауіпті. Адамдар көкжөтелді өте жоғары сезімталдыққа ие. Көкжөтел ең жұқпалы аурулардың бірі. Науқаспен байланыста болған кезде сезімтал адамдарда ауру 90-100% жағдайда дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалар жиі ауырады. Аурудың шамамен 5% ересектерге келеді.
Бактериялар жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығына еніп, шырышты түзілудің жоғарылауымен қабыну басталады. Шырышты – іріңді тығындар ұсақ бронхтарды бітейді және тыныс алу қызметін бұзады. Аурудың жасырын кезеңі 2-ден 14 күнге дейін созылады. Аурудан кейін иммунитет өте тұрақты және әдетте өмір бойына сақталады.
Көкжөтел қалай пайда болады. Инкубациялық кезең өткеннен кейін науқаста мұрынның ағуы, түшкіру, жалпы әлсіздік, тәбеттің болмауы және жөтелге қарсы заттарды қолданғаннан азаймайтын жеңіл жөтел пайда болады. Бұл кезең катаральды деп аталады және ол әдеттегі суық тию сияқты 1-2 аптаға созылады. Біртіндеп, 3-ші аптада жөтел күшейеді, әсіресе түнгі уақытта. Осылайша үрген жөтелдің (лающий кашель) жаңа кезеңі басталады. Ысқыратын демді ішке тарту (свистящий вдох) белгісінен кейінірек иттің үру белгісіне ұқсас (напоминающих лай собаки) жөтел пайда болады.
Жөтел ұстамасы кезінде науқастың беті қызыл немесе көк түске айналады, мұрыннан немесе көзден қан кетуі мүмкін. Жөтел қақырықты шығарумен, кейде құсумен аяқталады. Жөтел ұстамасы тәулігіне 10-15 рет болуы мүмкін. Бұл кезең бір аптадан бір айға дейін созылады, кейде ұзағырақ. Қалыпқа келу немесе сауығу процесі бірнеше айға созылады.
Көкжөтелдің асқынулары: ең жиі 1 жасқа дейінгі балаларда байқалады, шала туған нәрестелерде аурудық ауыр ағым өту қаупі жоғары. Көп жағдайда балаларға ауруханада жатып ем алу қажет етіледі. Көбінесе көкжөтел қайталама бактериялық инфекцияның дамуымен байланысты асқынуларды тудырады.
- Бактериялық пневмония-көкжөтелдің жиі кездесетін асқынуы (көкжөтелден болатын өлімнің ең көп таралған себебі), Бронхит, плеврит, эмфизема, өкпе коллапсы, Гипоксия, Кішкентай балаларда көкжөтел бронхоэктатикалық аурудың дамуына ықпал етуі мүмкін, Синусит, отит, мембраналардың жарылуы, Сусыздану, Мұрыннан қан кету, Құрысулар, бас миының аурулары, дамудың тежелуі.
Ересектердегі көкжөтел өте ауыр өтеді және құрысулар мен энцефалопатия сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. 30 жастан асқан науқастарда 5-9% жағдайда пневмония пайда болады. 50 жастан асқан әйелдерде 34% жағдайда көкжөтелмен байланысты зәр ұстамау анықталады. Сонымен қатар, қабырғалардың сынуы, ішек грыжасы, тұншығу, бел дискісінің грыжасы, естен тану сияқты асқынулар тіркеледі.
Ересектердегі көкжөтел белгілері: Жалпы әлсіздік және тәбеттің төмендеуі. Мұрынның ағуы және аздап жөтелмен бірге жүретін дене қызуының жоғарылауы, бұл белгілер біртіндеп күшейе бастайды. Ересектердегі белгілер бронхит белгілеріне ұқсайды, сондықтан ауруды дереу анықтау оңай емес. Кейбіреулерде ауру байқалмайды, бұл байланыста болған адамдардың жаппай сырқаттануына алып келеді.
Көк жөтел және жүктілік: Жүктілік кезіндегі кез-келген жұқпалы ауру ұрықтың дамуына теріс әсер етуі және әртүрлі туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін, мысалы, кереңдік, катаракта, жүректің зақымдануы. Сондай-ақ, көкжөтел түсік тастауға және өлі баланың туылуына әкелуі мүмкін.
Көкжөтелдің алдын алу. Бүгінгі таңда көкжөтелмен алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы-міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау болып табылады. Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді. Вакцинация аурудың белгілері жоқ (суық тию, дене қызуының көтерілуі), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 2 айда→ 3 ай → 4 ай→ 18 айда жүргізіледі. АбКДС (күл, сіреспе, көкжөтел (жасушасыз), В гепатиті, полиомиелит (белсенділігі жойылған) және b типті гемофильді инфекцияларға қарсы конъюгацияланған) вакцинасы қолданылады.
И.ҚҰДАЙБЕРДИЕВА, Қордай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы