КӨЛІКТЕГІ ӨРТ

0

2023 жылы аудан аумағында автокөліктердің өртену оқиғасы 2022 жылмен салыстырғанда өскен. Өрттің шығуына басты себеп болған автокөлік тоқ сымдарының қысқа тұйықталуы.

 

Жоғарыда аталған деректер қайталанбауы үшін Қордай аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және Қордай аудандық №15 өрт сөндіру бөлімі, төмендегідей ережені ескертеді.

Жанған рәзіңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да айтады. Сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктер жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлау болуы мүмкін. Төгілген бензин қайғылы жағдайға әкелген оқиғалар аз емес: кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті.

Көліктегі синтетикалық материалдар былай жанады: анықталған температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт басталғанға дейін де адам көліктің ішінде бір жарым минут отыруына болады – бұл орташа мәліметтер.

Сондықтан оттың бірінші белгілері байқалған сәтте көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін.

Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.

Гаражға мынандай шек қойылады:

— күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді, 5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;

— гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;

— қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;

— бөлшектерді керосинмен, бензинмен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;

— пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйым салынады.

Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті — өйткені осы уақытта бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды кілемдерге берік бекіту керек.

Б.Әпілбек,

Қордай аудандық ТЖ бөлімінің инженері

Leave A Reply

Your email address will not be published.