КӨЛІКТІ АЛКОГОЛЬДІК МАСАҢ КҮЙІНДЕ БАСҚАРҒАНЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНДЫ

0

Қордай аудандық сотымен  Қазақстан Республикасысының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  608 бабы, 6 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) құқық бұзушылық жасаған азаматша Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес азаматша Ш.  2025 жылдың 8 қаңтары күні сағат 23:35 шамасында Қордай ауылының Орталық көшесінің бойында  «MAZDA 323» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сотта құқықбұзушы Ш. өзінің кінәсін толық мойындап, автокөлікті сатып алғанына үш ай болғанын әлі жүргізу куәлігін алмағанын, 2025 жылы 8 қаңтар күні үйінде 1-2 шөлмек сыра ішіп автокөлікті басқарғанын және қарамағында кәмелет жасына толмаған үш балалары бар екенін, өзі жалғыз асыраушы екенін айтып, істеген ісіне өкініш білдірген.

Мұндай жағдайда, сот азаматша Ш. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігіде көзделген құқық бұзушылықты жасаған әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 608 -бабының 8 бөлігіне саралауды дұрыс деп тапты.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш-ға  ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 8 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 786 400 (жеті жүз сексен алты мың төрт жүз) теңге айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.