№4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі А.Б.Нұркееваның ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың туған күніне орай мектеп оқушылары арасында «Алматының сәулетшісі – Д.Қонаев» тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқау мектеп-лицейдегі тарих пәнінің айлығы аясында ел тарихын ұлықтау, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау бағытында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 6-9 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, қазақтың біртуар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлының Қазақ КСР-ін басқарып тұрған тұста Алматы қаласында салынған әсем ғимараттарын өз шығармаларында бейнеледі. Сайыс барысында оқушылар өздерінің жасаған жұмысын сипаттай отырып, Д.Қонаев салдырған ғимараттардың тарихы, архитектуралық ерекшеліктері туралы баяндап өтті.
Сурет байқауында ерекше шеберлігімен көзге түскен, 9 «б» сынып оқушысы М.Қуандық І орынға, 8 «в» сынып оқушысы Л.Хриматикопуло ІІ орынға, 6 «ә» сынып оқушылары А.Амантай, Н.Амантай, 7 «а» сынып оқушысы А.Ботабай, 9 «а» сынып оқушысы Б.Болат ІІІ орынға ие болып, мақтау қағазымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Сонымен қатар, жарысқа қатысқан өзге оқушылар да ынталандыру ретінде ақшалай марапттарға ие болды.
Елнұр ӘСКЕНҰЛЫ, №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі