«КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ПЕН СЫРТҚЫ ЖАРНАМАҒА САУАТТЫЛЫҚ»

0

Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі                  2023 жылдың 2 қазан – 31 қазан аралығында «Көрнекі ақпарат пен сыртқы жарнамаға сауаттылық» атты аудандық айлық өткізілетіндігін хабарлайды.

Айлық барысында аудандағы халыққа қызмет көрсету орындарының (дүкендер, шаштараздар, кафелер, дәмханалар, дүңгіршектер, т.б.) маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңына сәйкес рәсімделуіне зерделеу, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21 – бабына сәйкес, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.

Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде оң жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс.

Нысандар маңдайшаларында жазылған жазулар, хабарландырулар, жарнамалар, баға көрсеткіштері және басқа да көрнекі ақпараттардың сауатты, заң талаптарына сәйкес рәсімделуіне байланысты сұрақтарыңыз болса 2-13-97 телефоны бойынша хабарласуға болады.

С.Балпұқова, Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.