КӨРНЕКТІ ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ

0

Мемлекет және қоғам қайраткері Балжан Бөлтірікованың туғанына 105 жыл толуына орай Балжан Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейде танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар көрнекті тұлғаның өмір жолы, ел дамуына қосқан елеулі еңбегі және мемлекеттік қызметтегі тағылымды тәжірибесі туралы мазмұнды ақпараттармен танысты.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Қордай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Қыпшақбаева Қарлығаш қатысып, алдағы референдумның қоғам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндіріліп, әрбір азаматтың таңдауы ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды фактор екендігі атап өтілді.

Сонымен қатар, конституциялық бастамалардың негізгі бағыттары жан-жақты талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Іс-шара барысында жастарға ел тарихындағы тұлғалардың өнегелі жолын насихаттаумен қатар, азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.