Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіміне сәйкес, бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында 19 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: (5-і электрондық (толық автоматтандырылған), 12-і электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз, 1-уі қағаз/электронды, 1-уі қағаз түрінде.
Денсаулық сақтау саласына қарасты 19 мемлекеттік көрсетілетін кызметтің ішінде:
- Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде 12 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту
2) Дәрігердің қабылдауына жазылу
3) Дәрігерді үйге шақыру
4) Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру (№027/е анықтамасы)
5) Транспланттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу
6) Санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру (№069/е анықтамасы)
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар (емханалар)
7) Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру
Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру (№№036/е, 037/е, 038/е анықтамалары)
9) Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру
10) Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының медициналық ұйымдар
11) Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру
Қызмет берушілер: Жамбыл облысының стационарлық көмек көрсететін ұйымдар
12) Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру
Қызмет беруші: Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
- Электрондық (толық автоматтандырылған) 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
13) Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама беру (№073/е анықтамасы)
14) Алдын ала міндетті медициналық қарап тексерулерден өткізу (№075/е анықтамасы)
15) «Психиатрия» Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру.
Қордай аудандық орталық ауруханасы