КӨРСЕТІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

0

Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 21 шілдегі №233, 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №453, 2020 жылғы 9 шілдедегі №217 және 2020 жылғы 4 мамырдағы №153 бұйрықтарымен бекітілген  мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бойынша 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді, атап айтқанда:

1.Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тіркеу;

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;

3.Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;

4.Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiншассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап — тексеруден өткізу.

Жоғарыда аталған көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін тіркеу пунктіне (Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі) www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда немесе тіркеу пунктінің (Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі) кеңсесіне қағаз нысанда құжаттарды ұсына алады.

Көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу жөнінде толық ақпаратты алу үшін Қордай ауылы Төле би көшесі №58 мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі кеңсесіне немесе 8/72636/ 2-19-43 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.

 

Д.Чайдилдин, ауыл шаруашылығы бөлімінің

бас маманы инженер-техникалық инспекторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.