«Көшпелі заң көмегі керуені»

0

«Құқығыңды білу міндет» жобасының «Көшпелі заң көмегі керуені» ауыл тұрғындарына заңгерлік қолдау мен кеңес беруге бағытталған. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. 

Жоба заңгерлері 2024 жылы Сарыбұлақ, Қақпатас, Масаншы, Сортөбе ауылдарына барып, тұрғындарға заңгерлік кеңес берді.

Заңгерлер жер, тұрғын-үй, отбасылық мәселелер, мұрагерлік, еңбек дауы, азаматтық құқық, сот шешімдерін орындау, денсаулық, білім салаларына қатысты мәселелер және тағы басқа салаларға қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

«Аталған құқықтық кеңес берулерді өткізу дәстүрге айналып келеді және облыс тұрғындары үшін пайдасы көп деуге болады. Себебі халықтың құқықтық сауаттылығы артып, мемлекеттік билік органдарына арыз-шағым беру тәртібі, проблемалық мәселелерді шешу жолдары бойынша кеңес беріледі. Сондықтан да, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету үшін осындай іс-шаралар қажет», – деді жоба заңгері Арнат Бегдалыұлы.

Кездесулерден кейін заңгерлер қажеттілігіне қарай азаматтарға жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізді. Ал қосымша зерттеуді қажет ететін жайттарға байланысты байланыс ақпараттары беріліп, шағымдарға жекелей көмектесетіндіктерін айтты.

Сағат Жаналиев, жоба жетекшісі

Leave A Reply

Your email address will not be published.