24 желтоқсанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Қарлығаш Қыпшақбаева өткізді. Сессияға депутаттардан басқа аудан әкімінің орынбасарлары Бақыт Сахатов, Дамира Сүгірбай, Жұлдызбек Бақаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, аудан әкімдігінің кейбір бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Депутаттар «2026 – 2028 жылдарға арналған Қордай ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» және «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №38-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелерді қарады, ол бойынша баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева жасады.
Одан бөлек Отар, Қордай, Жаңатұрмыс, Күнбатыс-1 ауылдарының құрамдас бөліктерін қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы мәселелер қаралды.
Сондай-ақ, аудандық жер комиссиясының құрамы бекітілді.