КЕЙБІР ШЕШІМДЕРГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

0

5 наурыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс бірінші сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді.

Сессия жұмысына депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев, аудан әкімдігі бөлімдерінің бірқатар басшылары, ауылдық округ әкімдері және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.

Депутаттар 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарының жүзеге асырылу барысы туралы, сондай-ақ мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шартты келісу мәселелерін қарады. Бұл мәселелер бойынша аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғабит Сейдекеш жан-жақты ақпарат берді.

Бұдан кейін «Қордай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №56-2 «Қордай ауданының ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева баяндама жасады.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.