АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА КІРЕ БЕРІСТЕГІ «МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҚОРДАЙЫМ» ЖАЗУЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖУЫРДА АЯҚТАЛДЫ.
Жарықдиодты массивтік әріптер ерекше көрініс береді және түнге уақытта самалдай жарқырап, ауылдың ажарын аша түскені сөзсіз. Мекеніміздің күннен-күнге көркейіп келе жатқанына қордайлықтар қуаныштарын жасырмайды.
— Біздің Қордай әрдайым өз ерекшелігімен танымал емес пе?! Әрқашан өркендеуіне тілектеспін. Әрбір тұрғын өзінің туған жеріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарауын, оны қадірлеуін қалаймын. Бұл ауылдастарға жасалған тамаша сый десем болады. Осы бағыттағы жұмыстарымыз алда жалғасын табатын болады», – дейді Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев.