КЕЛІНДЕР ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

0

«Қайын ене топырағынан» деген сөз бекерге айтылмаған болар. Мерекеге толы нау-рыз айында Жаңатұрмыс ауылында ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Бір топ ауыл келіндері өздерінің қайын енелеріне, апалар мен әжелерге кереметтей құрмет көрсетті.

Ауыл келіндері тек ибалы ғана емес, сонымен қатар тапқыр, салт пен дәстүрге берік болып келеді. Бұл шара соның бір айғағы болғандай. Мерекеге орай олар қайын енелері мен әжелерге мерекелік шара ұйымдастырып, тіпті арнайы грамоталар да тапсырған. Мәселен, «Сабырлы әже», «Сүйкімді әже», «Кербез әже», «Білімді әже» және «Әзілқой әже» номинациялары табыс етіліп, сонымен қатар көргенді келіндер ақ жаулықты аналардың иығына орамал жауып, сыйлық ұсынуды да ұмытпады. Әрине, «абысын тату болса, ас көп» демекші, абысындар дайындаған үлкен ас үстінде, мол дастархан басында сырлы әңгіме айтылып, ауыл аналары өздерінің ақ баталарын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.