Кенен ауылында жас сайлаушылар референдумға белсенді қатысты

0

Кенен ауылындағы №259 сайлау учаскесінде референдум күні белсенділік байқалуда. Дауыс берушілер қатарында 18 жасқа енді толған Ерасыл Ерланұлы да өз таңдауын жасады.
Өмірінде алғаш рет дауыс берген жігіт референдумға келмес бұрын жаң Конституцияның жобасымен алдын ала танысқанын, соның негізінде таңдау жасағанын айтты.
Учаскеде мерекелік көңіл-күй көрініп тұр. Ұйымдастырушылар дауыс берушілердің белсенділігін арттыру үшін алғаш болып келген азаматтарға, отбасымен бірге келгендерге, егде жастағы сайлаушыларға сыйлықтар табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.