КЕНЕН АУЫЛЫНДА ЖОЛДАР ЖОНДЕЛУДЕ

0

Мемлекет тарапынан қолға алынған түрлі бағдарламалар ауылдардың гүлденуіне үлкен септігін тигізуде. Жаңа білім ошақтары мен спорттық нысандар ашылып, ел игілігіне берілуде. Солардың қатарында ұзақ жылдар жөндеу көрмеген ауылішілік жолдар да қайта жасалып, тақтайдай тегіс көшелер ауыл көркін ашуда. Соның бірі дәлелі ретінде Кенен ауылын алсақ болады.
Былтыр Кененде 8 көшеге «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 252 млн.теңге бөлініп, толықтай асфальт төселген болатын. Жыл сайынғы аудан басшысы мен ауыл әкімінің тұрғындармен есепті кездесулерінде бұл жұмыстар алда жалғасын табатындығы айтылған еді. Уәде үдеден шықты деген осы болар. Жақында Кенен ауылында асфальт төсегіш техниканың гүрілі қайта естіле бастады. Ауылдардың ажарын ашқан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қомақты қаржы бөлініп, Жылыбаев, Қашағанов, Еспаев, Қордай және Несіпбаев көшелері толықтай жөндеуден өтетін болды. Жұмысты қолға алған «Ақжол Сервис 2030» ЖШС барлығын уақытылы аяқтаймыз деп отыр. Барлығы ойдағыдай орындалса Кенен ауылының барлық жолдары толығымен жаңаратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.