Кенен ауылының тұрғындарына Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өтті

0

Кенен ауылының тұрғындарына Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өтті.

Жиын барысында Кенен ауылының әкімі А. Жылыбаев сөз сөйлеп, Конституция – мемлекеттің негізгі құқықтық тірегі екеніне тоқталды. Ол жаңа жобада елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды нормалар қамтылғанын атап өтті. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын ел болашағына бейжай қарамай, жалпыхалықтық маңызы бар құжатты талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

Өз кезегінде ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Д. Тоқтуров Конституция жобасы елдің бірлігі мен қоғамдық келісімін нығайтуда ерекше рөл атқаратынын жеткізді. Ол Ата Заң – әрбір азаматтың өміріне тікелей әсер ететін маңызды құжат екенін айтып, жаңа жобаны қолдау – елдің жарқын болашағына жасалған маңызды қадам екенін атап өтті.

Кездесу соңында тұрғындар өз пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.