Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» жоғары білікті мамандары Жамбыл облысына арнайы іссапармен келіп, өңірдегі медициналық ұйымдарда балаларға көрсетілетін көмектің сапасын жан-жақты бағалау және оны одан әрі жетілдіру мақсатында кешенді зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған жұмысқа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онколог-гематологы Л.Манжуова., пульмонология бөлімінің меңгерушісі Н.Жанузакова., сондай-ақ неонатолог-реаниматолог Н.Нуржанова. қатысып, өз салалары бойынша әдістемелік бағыт-бағдар берді.
Іссапар барысында мамандар Сарысу, Жамбыл, Шу және Қордай аудандық ауруханаларында, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасында, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, сондай-ақ облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарында болып, медициналық көмектің ұйымдастырылуы мен көрсетілу сапасына жан-жақты талдау жүргізді.
Сапар соңында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсету жөніндегі ұсыныстар әзірленіп, тиісті іс-шаралар жоспары талқыланды.