Кезекшілікте себепсіз оқ атқаны үшін жазаланды

0

Қордай аудандық сотымен  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  652 бабының 6 бөлігімен (Қазақстан Республикасының әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу) құқық бұзушылық жасаған азамат Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2024 жылғы 26 мамыр күні  әскери бөлімнің қызметкері, кіші сержант Ш. кезекші болып тәуліктік нарядқа тағайындалған. Сағат 15.20 шамасында, ол әскери бөлім бастығының белгіленген тәртіппен берген бұйрығын  қасақана орындамай, себепсіз қаруды қаруқаптан шығарып, оқтап, атып жіберген.

Сотта құқықбұзушы Ш. өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген.

ӘҚБтК 652 бабының 6 бөлігінің санкциясымен — жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Сот  қаулысымен Ш. кінәлі деп табылып,  оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.