КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті.

Аудандық мәслихат төрағасы Н.Садықовтың төрағалығымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Б.Сахатов, мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты. Ең алдымен мәслихат депутаттары Қордай ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы шешім қабылдады.

Осыдан кейін «Қордай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-2 шешiмiне өзгеріс енгізілді.

Сессия барысында Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаев аудандық мәслихат депутаты Айдаров Сулейман Ламзаровичтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабарламасын таныстырды.

Сонымен қатар, мәслихат депутаттары жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару шарттарының жобаларын келісу мәселесін қарады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.