Құрметті ата-аналар мен қамқоршылар!
Сіздерден балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз. Баланың қолы жететін жерде қалдырылған ұсақ заттар денсаулыққа елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Жақында Кордай аудандық орталық ауруханасына әжесінің сүйемелдеуімен Е. есімді бала жеткізілді. Негізгі шағымдар — құсу және мазасыздану. Болжам бойынша, бала 10 теңгелік тиынды жұтып қойған.
Жүргізілген рентгенография нәтижесінде өңештің төменгі үштен бір бөлігінде айқын контурлы, тығыз дөңгелек пішінді бөгде заттың көлеңкесі анықталды. Айта кету керек, мұндай жағдайларда бөгде денелер көбіне өңештің жоғарғы бөлігінде орналасады, мұнда оларды шығарып алу салыстырмалы түрде оңайырақ. Ал төменгі бөлікке түсуі — сирек кездесетін жағдай, әрі ерекше тәсілді талап етеді.
Дәрігерлер консилиумының шешімімен бөгде денені жарақаттамай алу мақсатында Фолея катетері қолданылды. Процедура сәтті өтті, ешқандай асқыну тіркелген жоқ. Бөгде дене ретінде алынған зат — 10 теңгелік тиын екені белгілі болды. Бала қажетті кеңестерді алып, қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілді.
Құрметті ересектер!
Егер бала бөгде зат жұтып қойды деп күмәндансаңыздар, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Ешқандай жағдайда өз беттеріңізше көмек көрсетуге тырыспаңыздар — бұл жағдайды одан әрі күрделендіруі мүмкін.
Қордай аудандық орталық ауруханасы