КІШКЕНТАЙ ЖҰЛДЫЗДАР

0

Жақында қордайлық жас өнерпаздар  Астанада өткен ІІ-Халықаралық «BRAZILIAN GRAND-PRIX» атты байқау-фестивальге қатысып қайтты. Өнер сайысы

«Astana Stars» Халықаралық фестиваль қозғалысы аясында өткен болатын.

Қатысқан би топтары өз шеберліктерін танытып, қазылар алқасының жоғары бағасын иеленді. «Томирис», «Балауса», «Аяла» және «Айналайын» би ансамбльдері «Ұлу жылы» атты биімен 1-дәрежелі лауреат атанды. «Қызыл алма» биімен өнер көрсеткен «Аққу» ансамблі де 1 орынды иеленді. «Томирис» ұжымы «Душа Павла» атты композицияны орындап, 1-орын, «Биші балапандар» ансамблі «Калинка» биімен 2-орынды жеңіп алды. Айсезім Ермахан «Еңлік гүлі», Альмира Санат «Девика» биімен екеуі де 1-орынға шықты. Амира Мұқатова болса «Модница» атты биді нақышына келтіре орындап, 2-орынға жайғасса, Дарина Морозова мен Лиза Бурукина «Арулар» аталған дуэтпен өнер көрсетіп, «Құрбылар» биімен бірінші орынды жеңіп алды.

Бұл қордайлық жас өрендердің халықаралық аренадағы бірінші жетістігі емес. Олар бұған дейін де бірнеше рет түрлі байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған. Мектептердің талантты қатысушылары мен тәжірибелі ұстаздары мәдениет пен өнердің дамуына зор үлес қосуда. «BRAZILIAN GRAND-PRIX»-тегі қойылым «Нұр-Академия Қордай» үйірме орталығы және Бану Тұрғымбаева атындағы би мектебінің дайындық деңгейі мен шексіз әлеуетінің тағы бір дәлелі болды. Олардың жеңістері бүкіл аудан үшін мақтаныш болып табылады және олардың тынымсыз еңбегі  жоғары жетістіктерге деген ұмтылысын көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.