2 желтоқсан күні Қарасу ауылдық мәдениет үйінде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды өткізудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Е.Жапаров, Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Жиында «Мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты белгіленген нысандағы хаттамаларды және журналдарды толтыру туралы және дауыс беру күнгі құжаттар, оның ішінде актілермен жұмыс жасау тәртібі туралы», «Сайлаушылар тізімімен жұмыс және тізімге енгізу тәртібі туралы және Ережеге сәйкес сайлау құжаттарын қаттап жоғары тұрған комиссияға өткізу және дербес деректерді жою тәртібі туралы», «Байқаушылар, БАҚ өкілдері және сенім білдірген адамдардың қызметін қамтамасыз етудің алгоритмі және дауыс беру үй-жайындағы тәртіп ережелер нормасының сақталуын қамтамасыз ету алгоритмі туралы», «Мәслихат депутатын сайлау кезінде дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау, қайта дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау алгоритмі туралы», «Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағым жасау, оларға қаралған құқықтық жауапкершілік туралы және төтенше жағдайда және арыз-шағымды қарауға бағытталған алгоритм туралы», «Мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру алгоритмі туралы» тақырыптары бойынша дәріскерлер жан жақты түсіндірілді. Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері біліктілігін арттыруға арналған тақырыптарды бекітуге арналған тестілеуден өтті.
Семинар соңында Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев қатысқан округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне алдағы маңызды шараны ескере отырып, сәттілік тіледі.
Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы