Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 29 шілде күні Сортөбе ауылдық аурухана қызметкерлерінің қатысуымен «Латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар жаңа әліпбидің ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Сондай — ақ қатысушылар өз ойларын ашық жеткізіп, аты-жөні мен тегін латын қарпінде жазып жаттықты.