Ливанда бітімгерлік миссияда жүрген әскери қызметшілердің отбасымен сұхбат

0

Гвардейск гарнизонында «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштерінде» бітімгершілік миссиясын атқарып жүрген әскери қызметшінің отбасы мүшелерімен сұхбат өтті.

21450 әскери бөлімі әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Айна Омарованың ұйымдастыруымен Ливанда бітімгершілік миссиясын атқарып жүрген сержант Әнуар Оралбековтың үйіне барып, отбасы мүшелерімен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында Ливанда түсірілген бейнеролик көрсетілді.

— Немеремнің Ливанға кеткеніне жеті ай болды. Бейнебайланыс арқылы сөйлесіп тұрамыз. Наурыз айында Отанға ораламын деген. Әжесі болғаннан кейін ол жақтан қоңырау шалғанда қалай тамақтанып жүрсің деп сұраймын. «Барлығы жақсы» дегенде әйтеуір қуанып жатырмыз. Аман-есен келсе деп тілеуін тілеп отырамын. Сол жақта жүрген жалғыз менің немерем ғана емес, барлық әскери қызметшілер отбасыларына оралсын деймін ғой. Елімізде де, ол жақта да тыныштық болсын. Әскери адам болғаннан кейін сол әскер оқу-жаттығумен ғана өтсін. Басқа жамандық болмасын, — деп сағынышын білдірді әжесі Айсақын Оралбекова.

Сондай-ақ, Артиллерия дивизионының батарея сержанты үшінші сыныпты сержант Досымбек Бегімбетов сержант Әнуар Оралбековтың әскери қызмет барысындағы жетістіктері туралы айтты.

— Ливанда бітімгершілік миссиясына кеткен сержант Әнуар Оралбеков бөлімше командирінің лауазымын атқарады. Лауазымын атқару барысында жауынгерлік даярлықтарда, спорттық іс-шараларда тек қана алда болатын, — деді артиллериялық дивизионының батарея сержанты үшінші сыныпты сержант Досымбек Бегімбетов.

Сержант Әнуар Оралбеков 2015-2017 жылдары Көкшетау облысы Шучье қаласындағы ҚР ҚК Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусын оқып бітірді. Оқуды бітірген соң 21450 әскери бөлімінде әскери қызметін жалғастырды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында шетелдік курстық оқудан өткен. Ол қызмет барысында өзінің біліктілігінің арқасында жетістіктерге жетіп, бірнеше грамоталармен марапатталды.

— Ұлыммен видео арқылы хабарласып тұрамыз. Әрине осылай видеомен сөйлескеннен гөрі, өз елінде жүргені жақсы ғой. Достарым ұлыңды сол жаққа жібердің, қорықпайсың ба деп сұрайды. Ол жақта соғыс жоқ деймін, — деді әкесі Серік Оралбеков.

Айта кетейік сержант Ануар Оралбековтың әкесі Серік Оралбеков Қарулы Күштерде қызмет атқарып үшінші сынып сержант әскери атағымен зейнетке шыққан.

 

Гвардейск гарнизоны

баспасөз қызметініңбастығы

майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.