МҮГЕДЕКТЕР ҮШІН СУБСИДИЯЛАНАТЫН АРНАЙЫ ЖҰМЫС

0

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы өкіміне сәйкес мүгедектер үшін субсидияланатын арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушілерден өтініштер қабылдау басталды.

 

Субсидиялар жұмыс берушілерге мүгедектерге арналған арнайы жұмыс орындарын жабдықтау үшін құрал-жабдықтарды алуға, құрастыруға және орнатуға кеткен шығындарды өтеуге және оларға еңбекақы төлеуге берілетін болады.

Еңбек мобильдігі орталығы кемінде 3 жыл мерзімге жасалған еңбек шарты негізінде мүгедектердің жалақысын жергілікті бюджеттен субсидиялайды.

— Жұмысқа қабылданған алғашқы 12 айда – жалақының 70%, 30 АЕК-тен аспауы керек.

— 13-тен 24-ші айға дейін жұмысқа орналасуды қоса алғанда — 65%, 30 АЕК-тен аспайды.

— 25-тен 36-шы айға дейін жұмысқа орналасуды қоса алғанда — 60%, 30 АЕК-тен аспайды.

Қызығушылық танытқан жұмыс берушілерді  «Мансап» орталығына хабарласуды сұраймыз.

Қордай ауылы, Белашов көшесі, 3. Тел.: 4-86-02, 4-84-96.

 Электрондық пошта: kc_korday@mail.kz, Instagram: kc_korday.

Leave A Reply

Your email address will not be published.