МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК ЖАСАЛДЫ

0

Саяси науқанда белсенді болып, таң азаннан сайлау учаскесіне асыққан ауыл тұрғындары да өз таңдауын жасады. Саяси науқанда 90 жасар қария да назардан тыс қалмады. Референдумға қатысуға деген ынтасы зор Қарасу ауылының тұрғыны, жасы тоқсандағы кейуана Сейлхан Батырева референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Қордай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Сейлхан апаны үйінен алып кетіп, Қарасу ауылындағы №511 сайлау учаскесіне апарып, дауыс беруге жәрдем жасады. Өз азаматтық ұстанымын білдірген әже сайлаудың жас ұрпақтың болашағы мен халқымыздың өркендеуіне жол ашатын маңызды қадам екенін айтып, ел амандығын тілеп, ақ батасын берді. Кейуана өз пікірін білдіріп, дауыс беруге көмектескен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің қызметкерлеріне алғысын айтты.

Еліміз үшін орны ерек саяси шарада өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлердің де дауыс беру құқығы назардан тыс қалмады. Олардың үйлеріне референдум комиссиясының мүшелері арнайы жәшік жеткізіп, саяси науқанға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті. Үйінде дауыс берген тұрғындар елдің болашағына өз үлестерін қосуға жағдай жасалғанына риза екендіктерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.