Мұзбел ауылының тұрғындарына Қазақстан Республикасының Конституциясы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Мұзбел ауылының тұрғындарына Қазақстан Республикасының Конституциясы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында тұрғындарға конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тигізетін маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Аталған шарада Алға ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ш. Амиркулов сөз сөйлеп, Конституцияға енгізілген өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

– Конституция – мемлекетіміздің басты құқықтық негізі. Оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдегі әділеттілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған. Сондықтан әрбір азамат бұл өзгерістердің мән-маңызын түсініп, ел дамуына бейжай қарамауы тиіс, – деді ол.

Кездесу соңында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.