МӘҢГІ ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ, ҚАЗАҚСТАН!

0

Республика күні – еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі, тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры қаланған айшықты күн. Бейсенбі күні Қордай аудандық Мәдениет үйінде осы ұлы мерекеге арналған «Мәңгілік жаса, қыран елім, Қазақстан!» атты салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараның шымылдығы оқушылардан құралған хордың орындауын-дағы мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Балалардың әуезді дауыстары залды толқытып, көпшілікке мерекелік рух сыйлады.

Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков алып, Республика күнінің халқымыз үшін маңыздылығын атап өтті. Ол тұрғындарды мерекемен құттықтап, ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

«Қордай ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен ауыл шаруашылығы саласының ардагері Б.Оналбаев, білім саласының ардагері А.Сатаева, зейнеткер С.Чубаза, «Ақсу Қордай» ЖШС директоры Р.Мұнатаева, 28123 әскери бөлімінің қызметкері С.Наханова, балабақша тәрбиешісі А.Жалғасбаева, Кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Иманбаева, №41 К.Әзірбаев атындағы орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Т.Тұңғатарова, тамақ өнеркәсібі саласының жұмысшысы

А.Қасимова марапатталса, «Халық мақтанышы» төсбелгісі Д.Қошалиев, Б.Орынтай, А.Ганиев, М.Иманбаев, С.Саяков, М.Сатыбалдиев, А.Иманбаев, Қ.Байжігітов, Е.Инкарбеков, Т.Қыдырбекке табысталды. Бұдан бөлек бірқатар азаматтар Қордай ауданы әкімінің Құрмет грамотасын және Алғыс хатын иеленді.

Келесі болып сөз алған Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нурдин Садықов ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен жандарды құрметтеп, марапаттарын табыстады.

Сонымен қатар, жиын барысында «Қордай ауданының Құрметті азаматы» атағын тапсыру рәсімі өтті. Бұл атаққа лайықты азаматтар халық алдында марапатталып, олардың қоғам мен елге қосқан елеулі үлестері жоғары бағаланды. Айта кетейік, «Қордай ауданының Құрметті азаматы» атағын сот саласының ардагері Зейнет Әбдікерімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің 7 шақырылымының депутаты, мемлекеттік қызмет ардагері Ильяс Буларов, жазушы-публицист, Қазақстан Республикасы Баспа және полиграфия ісінің қайраткері Әшірбек Көпішев, жеке кәсіпкер, меценат Әлімтай Молдасейітов, мәдениет саласының ардагері Күміскүл Сәрсенбаева, білім саласының ардагері Клара Сейдахметова, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Сәрсенбай Солтанбеков алды.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ауданның талантты өнерпаздары әуезді әндер, ырғақты билер, домбыраның сыңғырымен төгілген күйлер орындап, халқымыздың бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын паш етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.